Scroll to top
© EPARTY.KZ БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН 2020

Қазақстанның тұңғыш цифрлық партиясы

e-Party

Қазақстан коммунистік Халық партиясының жобасы

толығырақ

Жоба жайлы

Бұл Қазақстан Коммунистік Халық партиясының жедел басқару, аймақтардың қызметін бақылау, зерттеулер жүргізу, сонымен қатар партияның кадрлық резервін құруға арналған заманауи технологияларды стратегиялық дамыту жəне пайдалану жөніндегі жобасы.

ҚКХП бұл жоба аясында қандай міндеттерді шешеді?

Тиімді басқару

Жоба аясында орталық пен аймақтар арасындағы байланыс, кадрлық шешімдердің ашықтығы, тұрақты кері байланыс қамтамасыз етіледі. Жүйе жұмысы партияның ішкі əлеуметтік лифтілерін құруға бағытталған.

Оқыту мен тренингтер

Бірінші сандық партия магистратурада грант негізінде оқуға дейін тұрақты жоғары сапалы онлайн-оқытуды ұйымдастырады. Кадрлық резерв мүшелері үшін психологиялық ерекшеліктеріне сəйкес жеке оқу жоспары құрылады. Оқу жүйесі үнемі жетілдіріліп жəне жаңа курстармен толықтырылады.

Бақылау жəне талдау

E-party жобасы аймақтардың қажеттіліктері мен мəселелерін зерттеу, динамикалық мониторинг пен тəуекелдер картасын жасауға негіделген. Партияның аналитикалық орталығы деректерді талдап, аймақтардың мəселелері бойынша депутаттық сауалдар үшін ұсыныстар жасап, мəлімдемелер береді. Қазақстан коммунистік Халық партиясы мақсаттары мен міндеттеріне сай өз зерттеулерін жүргізеді.

Сіз үшін алғашқы цифрлық партияда вебинарлар, телеграм-бот арқылы қашықтықтан дауыс беру, тестілеулерден өту, ғылыми жəне əлеуметтік зерттеулерге қатысу, атқарған жұмысыңыз жайлы есеп беру мүмкіндіктері қолжетімді болады.

Партияның əр мүшесінепартиялық еріктілержобаларына, сауалнамаларынақатысып, платформадағыпартияның өзге де істеріндебелсенділік танытқаны үшінбонустар ұсынылады. Бонустардың белгілі бірмөлшерін жинау сіз үшінкітапханаға, партиялық оқытумүмкіндігіне жол ашады,брендтік өнімдерді алу
қолжетімді болады. Бонустарды одан əрі жинай отырып партия мүшелері Citadel. Academyплатформасының кəсіби
курстарында грант негізіндеоқу, сондай-ақмагистратураны тегін оқу,шетелдік оқыту сапарларынақатысу, партияның кадрлықрезервіне ену мүмкіндіктерінеие болады.

ТЕЛЕГРАМ-БОТ

БІЗДІҢ МЕССЕНДЖЕРДЕГІ
ЭЛЕКТРОНДЫ ПАРТИЯ

Партияның мүшесі ретінде, сіз телеграм-бот арқылы вебинарларға қатысу, лекция тыңдау, сауалнама жəне тестілеулерден өту мүмкіндіктеріне ие бола аласыз

ЖЕКЕ КАБИНЕТ

Партияның əр мүшесіне арналған жеке басқару панелі

Партияның əр мүшесі вебинарларға қатысу, лекция тыңдау жəне тестілеулерден өту үшін жеке кабинетке кіре алады

ПАРТИЯҒА ҚОСЫЛУ

Партияға қосылудың онлайн формасын толтыру

Сіз партияға қосылу өтінішін қалдыра аласыз. Ол үшін партия сайтындағы форманы толтырыңыз

ПАРТИЯ САЙТЫНА ӨТУ

ЭЛЕКТРОНДЫ ПАРТИЯ

ПАРТИЯ МАҚСАТТАРЫ

Партия мақсаттары бойынша, сұрақтарыңыз пайда болса, сауалыңызды q@eparty.kz поштасына жолдай аласыз.

Əділ жалақы жəне еңбек құқығы

Қазақстан коммунистік Халық партиясы қазақстандықтардың əділ түрде жалақы алу құқықтарын қорғайды. Біздің партия қарапайым жұмыс істейтін адамдарға, өндірушілер мен фермерлерге, бюджеттік сала қызметкерлеріне: дəрігерлер, мұғалімдер, ғылым, мəдениет жəне өнер адамдарына лайықты өмір сүру жағдайларын жасау — мемлекеттің басты міндеті деп санайды.

Қарттарды қолдау

Біздің зейнетақы заңнамамыз — əділетсіз. Бүінгі таңда мемелекет қазақстандық зейнеткерлерді тиісінше қорғамайды. Қазақстан коммунистік Халық партиясы — мемлекет зейнеткерлеріміздің өмір сүру жағдайының жоғары деңгейде болатынына кепілдік беруі керек деген сенімде. Зейнетақы — садақа емес, ол мемлекетке аманат етіп тапсырылған жəне өсуі тиіс өткен жылдардың еңбекақысы. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы зейнеткерлер үшін əлеуметтік кепілдіктерін, тұтынушылық бағалар мен жалақының өсуін ескере отырып жыл сайынғы зейнетақыны индекстеу тəсілдерін өзгертуді қолдайды. Бұдан əрі əлеуметтік стратификация жəне зейнетақы жүйесіне немқұрайлылықты болдырмау қажет.

Халық билігі

Қазақстан коммунистік Халық партиясы əр деңгейдегі биліктің бұқара халықпен қадағалануын, жұмысшы халықтың билігі мен өзін-өзі басқаруды дамыту құқықтарын қорғайды. Қазақстан коммунистік Халық партиясы азаматтық қоғам институттарын дамыту жəне нығайту, көпшілікті билікке кеңінен тарту жəне социалистік қоғам құру арқылы мемлекеттің парламенттік түрін жақтайды.

Əлеуметтік қорғау

Миллиондаған қазақстандық отбасылардың экономикалық мəселелері өмір сүру деңгейінің төмендеуіне жəне балалы болған жағдайда кедейлік қаупінің жоғарлауына, ажырасулардың көп болуына, бала туу жəне жетімдерді асыраудан бас тартуына, руханият жəне имандылықтың төмендеуіне, қоғамдағы қылмыс пен зорлық-зомбылықтың арттыруына əкеп соғады. Қазақстандықтардың өскелең ұрпағы осындай жағдайларда өсіп келеді.

Қазақстан коммунистік Халық партиясы балалар, əйелдер жəне отбасы мүдделерін қолдайды.

Экологиялық қауіпсіздік

Адамның өмір сүру сапасы — оның қоршаған ортасына тікелей байланысты, сондықтан қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау — мемлекет, қоғам жəне əрбір қазақстандық үшін өмірлік маңызы бар мəселе. Қазақстан коммунистік Халық партиясы қазіргі жəне болашақ ұрпақтардың денсаулығына қауіп төндіретін экологиялық қауіпсіздік стандарттарын елемеу жəне елдің табиғи байлығын құрметтемеуде жауапкершілікті арттыруды талап етеді. Кəсіпкерлік субъектілерінің қоршаған ортаға жəне адам денсаулығына зиян келтіретін əрекеттері үшін жауапкершіліктерін күшейту қажет. Қазақстанның су ресурстарын қорғауға біз ерекше назар аудармақпыз. Біз экология жəне жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың айтарлықтай өзгерістеріне қолжеткіздік, сондықтан біз осы бағыттағы жұмысты күшейтуге ниеттіміз.

Жастар саястаты

Қазақстан коммунистік Халық партиясы еліміздің мəдениет,
білім беру жəне спорттық əлеуетін дамытуға бағытталған
жастарды жəне жастар бастамаларын қолдаудың
əмбебап жүйесін құруды жөн санайды. Еліміздің барлық
азаматы тегін білім, сапалы медициналық қызмет, қолжетімді
баспана сатып алу жəне шығармашылық, ғылыми жəне
патриоттық əлеуетін іске асыруда тең мүмкіндіктерге ие болуы
керек. Осы құқықтарды іске асыру əрбір жас қазақстандыққа
өз отбасын құру жəне балаларын толыққанды отбасында лайықты
жағдайда тəрбиелеуге мүмкіндік береді.

Қолжетімді баспана

Баспана алу құқығы адамның əлеуметтік құқықтарының бірі болып саналады. Қазақстандағы мемлекеттік тұрғын үй саясаты – азаматтарды əлеуметтік қорғаудың кепілі. Əр қазақстандықтың баспана алу құқығының шынайы іске асырылуы отбасы институтының нығаюына жəне бала туу деңгейінің жоғарлауына əсер етеді. Қазақстан коммунистік Халық партиясы Қазақстанның барлық азаматтары үшін тиісті, қауіпсіз жəне арзан баспанаға ашық түрдегі қолжетімділікті жақтайды. Біздің партия көпшілікке ашық түрдегі ұлттық жəне аймақтық дамуды жоспарлаудың айқын механизмі негізінде қала, қала маңы жəне ауылдық аудандар арасындағы экономикалық, əлеуметтік жəне экологиялық байланыстардың сапалы мемлекеттік жүйесін құруды талап етеді.

Тегін білім алу

Қазақстан коммунистік Халық партиясы еліміздің əр азаматына сапалы тегін, оның ішінде жоғары білім беруді қолдайды. Біз білім беру процессін білім экономикасы негізінде дамып келе жатқан заманауи ақпараттық қоғамдағы мемлекет қауіпсіздігі мен тұлға дамуының негізгі іргетасы ретінде қарастырамыз. Білім беру — мемлекеттің жүйе құрушы институты. Сапалы жəне қолжетімді білім беруге салынған инвестиция — елдің адами капиталына жасалған инвестиция. Сондықтан да білім саласындағы мəселелерді шешу кез-келген заманауи мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады

Ғылым мен мəдениет

Қазақстан үкіметі іргелі ғылымды қолдау тəсілдерін өзгертуге міндетті. Қазақстан коммунистік Халық партиясы ғылым саласы қызметкерлерінің лайықты жалақы алуы, қаржыландыру процесін жеңілдету, есеп берудегі бюрократиялық озбырлықты төмендету жəне өмірін ғылыми зерттеулерге арнағысы келетін жастар үшін тəлімгерлік институтты құру құқықтарын қорғауды өз міндеттері ретінде қарастырады.

Инклюзивті қоғам

Қазақстан Конституциясы барлық азаматтар құқықтарының теңдігіне кепілдік береді. Алайда, іс жүзінде, көптеген азаматтарымыз кемсітушілікке ұшырауда. Біріншіден, біз заманауи қоғам ретінде, мүмкіндігі шектеулі жандарға лайықты жағдайлар жасауға міндеттіміз. Қазақстанның əрбір қаласы, аудан-ауылының азаматтардың лайықты жағдайда өмір сүруіне жəне əлеуметтік белсенділігіне ыңғайлы болуына жағдай жасау керек. Мүмкіндігі шектеулі адамдар Қазақстанға қажетті зияткерлік жəне шығармашылық əлеуетке ие. Оны іске асыру үшін барлық жағдай жасау керек. Біз үшін əр қазақстандық қымбат! Қазақстан Коммунистік Халық партиясы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетуді, бірінші кезекте мүмкіндігі шектеулі балаларды тəрбиелейтін ата-аналардың негізгі мəселелерін шешуді жақтайды.

Интернационализм

Қазақстан коммунистік Халық партиясы азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, патриотизмді, еліміздің тарихы мен мəдениетін, салт-дəстүрін құрметтеуді, барлық ұлттар мен тілдердің тең құқықтары мен дамуын, Қазақстан халқының бірлігін, жас ұрпақты патриотизм мен гуманизм рухында тəрбиелеуді, тарихты объективті қамтуды қолдайды. Қазақстан коммунистік Халық партиясы ар-ождан бостандығын, кез-келген дінді ұстану немесе ұстанбау құқығын, дінді мемлекеттен бөлу, діни төзімділікті, бірақ мемлекет тарапынан діни қызметті бақылауды жақтайды.

0

Қазақстандағы нағыз əлеуметтік партия

0

мүшесі бар Қазақстан коммунистік Халық партиясы

0

жыл бойы Қазақстан игілігі үшін табысты жұмыс

0

Қазақстан бойынша филиалдар саны

Кері байланыс

Ұсыныстар мен
сұрақтарыңыз бар ма?

Кері байланысқа өтініш қалдырыңыз, біз сізбен байланысамыз